Атыраулық дәрігерлер зілзаладан зардап шеккен Түркияға аттанады

Атыраулық дәрігерлер зілзаладан зардап шеккен Түркияға аттанады

Атыраулық дәрігерлер көмек көрсету мақсатында Түркияға барады. Қазір  Қазақстаннан жасақталып жатқан дәрігерлер бригадасын құру тобының құрамына Атырау облыстық ауруханасының жоғары және бірінші категориялы 4 маманының тізімі жіберілді.  «Олардың қатарында хирург, анестезиолог-реаниматолог, нейрохирург, терапевт бар. Дәрігерлердің тізімі Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілді. Дәрігерлерді Түркияға жіберу, қаржыландыру мәселесін Үкімет белгілейді», –  деді Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев. Еске сала кетсек, зілзаладан зардап шеккен Түркияға Қазақстан тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырған болатын.

Баян Жанұзақова