Қостанай облысында егіз бала мен олардың анасы жантүршігерлік жол апатынан көз жұмды
Қостанай облысында егіз бала мен олардың анасы жантүршігерлік жол апатынан көз жұмды
720
оқылды
Қайғылы оқиға 7 ақпанда Қостанай облысындағы Қарабұтақ тасжолында болғаны анықталды.
 JAC S3 автокөлігінің жүргізушісі алдындағы машинаны басып озғысы келіп, қауіпсіздікке көз жеткізбестен қарсы қозғалыс жолағына шығып, ауыр жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты: 9 жасар балалар және олардың 33   жасар анасы. Тергеу жүргізілуде. Осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі  (Жол жүру ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлайды облыстық ПД.