Қазақ – армандай алмайтын халық: Диана Скатова
Қазақ – армандай алмайтын халық: Диана Скатова
783
оқылды
Атышулы "Qoslike" жобасының жүргізушісі Диана Скатова қазақты армандауды білмейтін, жалқау халық екенін айтты, – деп хабарлайды “Айқап” бағдарламасы.
– Қазақтар мықты армандайды деп айта алмаймын. Бізді “шүкір мен тәубә” құртады. Бүгінгі тамағы тоқ болса болды. Армандамайды. Бізде ойлау жасампаздығы жоқ. Біздің қоғамда сенің киімің бренд болса, соңғы үлгідегі iPhone-ды ұстасаң сенен мықты адам жоқ. Қазақ тамаққа, қазіргі қажеттіліктерге аш. Бірақ білімді, ғылымды, дамуды қажет етпейміз. Адамдарға подкаст көргеннен гөрі, Ерке мен Раймның неке қиғаны қызығырақ”, – дейді тележүргізуші.
Сондай-ақ, ол бағдарлама барысында Моңғолияға баруды армандайтынын айтты.
– “Менің арманым – Моңғолияға барып, ондағы халықтың қалай өмір сүретінін көру. Өйткені, Моңғолия жаңалықтарда да, саяси аренада да жоқ. Бұл мемлекет жайлы айтылмайды, халқының өмір сүру салты туралы ештеңе естімейміз”, – деді Диана.