«Әпкесінің фотосын пайдаланған» – Алматыда алаяқтар ұсталды
«Әпкесінің фотосын пайдаланған» – Алматыда алаяқтар ұсталды
Фото: polisia.kz
3,391
оқылды
Алматыдағы арнайы іс-шара барысында интернет арқылы тұрғындарды алдаған алаяқтар ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, топта 27 және 25 жастағы екі әйел бар. Өзге сыбайластары – 28 және 33 жастағы ер адамдар.
«Алматыда Anti Fraud іс-шарасы өтіп жатыр. Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінен араша сұраған тұрғынның арызы бойынша күдіктілер ұсталды. Олар сенімге кіріп, 1,1 млн теңгені иемденген. Ер адамның ұялы телефонына профилінде әпкесінің суреті бар абоненттен хабарлама келген. Хабарламаны жіберуші оның банктік шотына ақша жіберуді өтінген. Ер адам әпкесінің деректерін пайдаланған алаяқтарға емес, әпкесіне көмектескеніне сенімді болған», – дейді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Алаяқтар анықталып, ұсталды. Олар Алматыға Түркістан облысынан келген. Ұсталғандардың үшеуі бұрын да алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған. Қылмысты ашуға екінші деңгейлі банктің қауіпсіздік қызметкерлері көмектескен. Тергеу жалғасып жатыр.