Түркияда 5,1 балл қуатымен жаңа жер сілкінісі тіркелді

Түркияда 5,1 балл қуатымен жаңа жер сілкінісі тіркелді

Түркияның оңтүстік-шығысында 5,1 балл қуатымен жаңа жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Үкіметтің төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 5,1 балдық жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі Гексун ауданында 9 км тереңдікте орналасты. Сонымен бірге бүгін Кахраманмараш провинциясына Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған келеді деп күтілуде. Айта кетейік, Түркияда зілзала құрбандарының саны 6,2 мыңнан асты, тағы 37 011 адам жарақат алды.