Үш жыл Кореяда жұмыс істеп, бірден балаларын мектепке іздеп барған ананың оқиғасы көпшілікті жылатты (видео)

Үш жыл Кореяда жұмыс істеп, бірден балаларын мектепке іздеп барған ананың оқиғасы көпшілікті жылатты (видео)

Әйел үш жыл бойы балаларын көрмеген, Қазақстанға келе жатқанын да алдын ала ешкімге айтпаған. Үш жыл Кореяда жұмыс істеп, бірден балаларын сабаққа іздеп барған ананың оқиғасына бүкіл мектеп жылады. Үш жыл бойына балаларын туыстарына тапсырып, өзі Оңтүстік Кореяға жұмысқа кеткен келіншектің балаларымен қауышқан сәті бүкіл мектептегілердің көзіне жас алған, мейірім мен қуанышқа толы сәті болды. Әйел мектепке ойламаған жерден кіріп келіп, дәлізде ұлын, артынша қызын көреді. Ешқандай сөзсіз құшақтаса жылаған ана мен балалардың жағдайын көрген жұрт тұра қалып қуаныштан жылап жіберген. Әсерлі сәттің видеосын көргендер де көз жасына ерік бергенін жарыса жазып жатыр.