Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 9 057-ге дейін өсті
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 9 057-ге дейін өсті
307
оқылды
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 9 057-ге дейін өсті, тағы 52 979 адам жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Кахраманмараш қаласында жойқын жер сілкінісінен ардап шеккен азаматтардың шатырлы қалашығына барды. Президент Оникишубат стадионына келіп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі. Р. Т. Ердоған барлық қираған ғимараттардың тұрғындары жаңа пәтер алатынын айтты. «Біз бұл қиындықты жеңіп шығамыз. Бір жағынан үйінділер аршылып, екінші жағынан жаңа ғимараттардың құрылысы басталады. Бұл біраз уақытты алады, бірақ бәрі тезірек жасалады», - деді ол.