Ақтөбе облысы Алға ауданының орталығында электр стансасы өртенді. Оқиға орнына 18 құтқарушы және 4 техника барған, өрт кезінде жараланған ешкім жоқ.
«Құтқарушылар оқиға орнына барған соң ғимараттың кіреберіс қақпасын бұзып ашты. Өртті сөндіру кезінде барлық қауіпсіздік ережесі сақталды. Көбік шашты. Құтқарушылар өрттің көршілес қосалқы станса секциясына тарап кетпеуін қамтамасыз етті. Алдын ала деректер бойынша өрт алаңы – 50 шаршы метр. Өрт бір сағаттан соң оқшауланып, сөндірілді. Шығу себебі анықталып жатыр» деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.Қазір қалада қанша абоненттің жарықсыз отырғаны белгісіз. Ал аудандық ауруханада генератор іске қосылды.