Сабина табылды, екі азаматтан хабар жоқ

Сабина табылды, екі азаматтан хабар жоқ

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабар­сыз кеткен Сабина Мамадьярова аман-есен табылды. Түркияның Антакия, Хатай қалаларында хабар­сыз кетті делінген қазақстандықтарды іздеуге шық­қан топ Сабина Мамадьярованың аман табылғанын хабарлады. Олардың мәліметіне сүйенсек, отан­дасымыздың қолы сынған.

«Қазір құтқарушылар үйіндіні аршу жұмысын жедел атқарып жатыр. Өзге азаматтар да Сабина табылған тұстан алыста болмауы керек. Ақпарат пайда болған сәтте-ақ хабарлаймыз» деп хабарлады іздеуші топ өкілдері.
Айта кетейік, Түркиядағы жер сілкінісінен кейін үш қазақстандық азамат хабар-ошарсыз кет­кені хабарланған болатын. Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев пен оның екі әріптесі Әділ Қадырбеков пен Сабина Мамадиярова байланысқа шықпай қалды. Бұл туралы Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев хабарлады. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров оларды іздестіру жұмысы жүріп жатқа­нын және өзі де Хатай қаласына аттанғанын хабар­лады. Astana Hub басшысы олардың орналас­қан жері туралы бірнеше белгі анықталғанын айтты.