Түркияда жоғалып кеткен тағы екі қазақстандықтың қайда екені анықталды

Түркияда жоғалып кеткен тағы екі қазақстандықтың қайда екені анықталды

Түркияда жоғалып кеткен тағы екі қазақстандықтың орналасқан жері анықталды, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Мағжан Мәдиев бауыры Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің үйінді астында жатқанын хабарлады.

«Үйінді астында тірі адамдардың барына қарамастан, оны тазалау жұмыстары баяу жүргізіліп жатқаны туралы хабарлама келді. Процесті жылдамдататын техника, крандар, адамдар қажет», – деп жазды Мәдиев.
Айта кетейік, бұған дейін жер сілкінісінен кейін  қазақ қызы жоғалып кеткені хабарланды.