Желіде қирандылар астында 17 сағат бойы інісін қорғап жатқан 7 жасар қыздың видеосы тарады

Желіде қирандылар астында 17 сағат бойы інісін қорғап жатқан 7 жасар қыздың видеосы тарады

Желіде 7 жасар сириялық қыздың жер сілкінісінен кейін үйінді астында інісін қорғап жатқан видеосы тарады. Бұл видеоны өзінің Twitter парақшасында Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Мұхамед Сафа бөлісті. Tribune India жазбасында 7 жасар сириялық қыздың жер сілкінісінен кейін 17 сағат бойы үй қирандыларының астында інісін қорғап қалғаны айтылған. Видеода оның інісін өз денесімен қорғап, бір қолымен басынан сипап тыныштандырғаны көрінеді. Желіде "Құдай-ау, неткен батыл қыз", "Жүрегің ауырады, жарайсың, балапан!", "Нағыз қамқоршы періште, нағыз әпке", – деген пікірлер жазылды. Бұл бүлдіршіндер кейін үйінді астынан құтқарылды.