11 жастағы қыздарға жаңа вакцина салынады
11 жастағы қыздарға жаңа вакцина салынады
Елімізде 11 жастағы қыздарға адам папилломавирусына қарсы вакцина салу жоспарланып отыр. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда жазылған.
«11 жастағы жасөспірім қыздарды адам папилломавирусына қарсы вакциналау ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Екпемен нысаналы топтың кемінде 95%-ы қамтылады», — делінген құжатта.
Кешенді жоспарда көрсетілгендей, вакцинация жүргізілетін мерзім – 2023-2025 жылдар аралығы. Сонымен қатар аталған уақыт ішінде «В» вирусты гепатитіне де қарсы вакцинация жүргізілмек. Бұл бағытта да нысаналы топтың 95%-ын тиісті екпемен қамту жоспарланған. Құжатты ашық талқылау 23 ақпанға дейін жалғасады.