Талғат Қалиев Президенттің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі болып тағайындалды
Талғат Қалиев Президенттің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі болып тағайындалды
Фото: Интернеттен алынды
155
оқылды
«Ақорданың» хабарлауынша, Талғат Қалиев Президенттің арнайы өкілі болып тағайындалды. «Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі қызметіне тағайындалды» делінген хабарламада. Талғат Қалиев 1962 жылы Алматыда дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыған соң Мәскеуде аспирантураға түседі. 1992-1993 жылдары Қазақ стратегиялық зерттеу институтында жұмыс істейді. Кейін Қазақстанның Түркия, Ұлыбритания, АҚШ-тағы елшісі қызметтерін атқарады.