Головкин WBA титулын кубалық Эрисланди Лараға қарсы айқаста қорғауға міндеттелді

Головкин WBA титулын кубалық Эрисланди Лараға қарсы айқаста қорғауға міндеттелді

Головкиннің ресми түрде келесі қарсыласы аталды. Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) мәліметінше, орта салмақтағы чемпионы Геннадий Головкинді титулын кубалық Эрисланди Лараға (29-3-3, 17 КО) қарсы айқаста қорғауға міндеттелді. Бұл туралы қауымдастық сайтында хабарланған, – деп жазады Vesti.kz. WBA боксшыларға 23 ақпанға дейін келісімге келуге 15 күн уақыт беріп отыр. Егер боксшылардың командалары осы уақытқа дейін ымыраға келмесе, жекпе-жекке промоутерлік сауда белгіленеді.

Мұның алдында Головкин IBF белбеуін бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жекпе-жекте қорғауға міндеттелген еді, алайда қазақстандық боксшы белбеуден бас тартты. Осыған байланысты WBA Ларамен айқас белгілеп отыр.