Ақмола облысында Қырғызстан азаматы жол апатынан қаза тапты

Ақмола облысында Қырғызстан азаматы жол апатынан қаза тапты

Ақмола полицейлері Қырғызстан азаматы қаза тапқан жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz. 8 ақпан күні Жақсы ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Екатеринбург-Алматы автожолының 922 шақырымында жол апаты болғаны хабарланды. Маn жүк көлігі мен Daewoo Matiz автокөлігі соқтығысқан. Алдын ала ақпарат бойынша, Daewoo Matiz автокөлігінің жүргізушісі Қырғызстан Республикасының 64 жастағы азаматы басып озу маневрін жасап, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Қарағанды облысының 55 жастағы тұрғыны тізгіндеген Маn жүк көлігіне соғылған. Апат салдарынан Daewoo Matiz автокөлігінің жолаушысы Қырғызстан Республикасының 62 жастағы азаматы оқиға орнында қайтыс болды. Daewoo Matiz автокөлігінің жүргізушісі Жақсы аудандық ауруханасына жеткізілді. Жеңіл автокөліктің 18 жастағы және 4 жасар жолаушылары зардап шеккен жоқ. Автокөліктер автотұраққа қойылды. Сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.