Бір тәулікте 100-ден астам адамнан коронавирус анықталды
Бір тәулікте 100-ден астам адамнан коронавирус анықталды
Фото: russian.cgtn.com
Өткен тәулікте коронавирус – 94, пневмония 10 адамнан анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 10 ақпандағы мәлімет бойынша, коронавирустан 1 649 адам (коронавирус (ВКИ+) –1 484, пневмония (КВИ-) – 165) емделіп жатыр. Оның ішінде, 121 пациент стационарда, 1 528 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: – 10 адамның жағдайы ауыр, – 1 пациенттің жағдайы өте ауыр.