Қырғызстан аумағында 4,5 балдық жер сілкінісі болды

Қырғызстан аумағында 4,5 балдық жер сілкінісі болды

Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 11 сағат 24 минут кезінде жер сілкінісін тіркеді.

«Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған. «Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.9. MPV магнитудасы – 4,5. Тереңдігі – 10 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ» делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.