SpaceX компаниясының президенті және бас директоры Гвинн Шотвелл CNN-ге берген сұхбатында Украинада Starlink спутниктік интернетіне қол жеткізу шектелетінін айтты. Соғыс жүріп жатқан елде спутниктік жүйенің жұмысының шектелу себебін SlashGear платформасына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.
[caption id="attachment_239953" align="aligncenter" width="1225"]
CNN-ге берген сұхбатында Шотвелл Украинадағы Starlink қызметін АҚШ әскерилері қаржыландыруды өз мойнына алмаса, жауып тастау қажеттігі туралы ұсынысты өзінің айтқанын мойындаған: «Пентагоннан оны қаржыландыруды сұраған мен болдым. Бұл Илонның ісі емес».[caption id="attachment_239954" align="aligncenter" width="1805"]
Қазан айында, Маск Twitter-ді сатып алудан бірнеше күн бұрын өзінің бейбітшілік жоспарын ұсыну үшін бұл әлеуметтік желіні пайдаланды. Ол жоспарды украиналық және халықаралық бақылаушылар ресейшіл деп айыптаған.АҚШ-тың ірі радиостанциясы NPR-ның хабарлауынша, Кремльге Масктың жоспары ұнаса, Украина билігі оған қарсы болған. Украинаның бас тартуы Маскқа да ұнамаған болуы керек ол біраз уақыттан кейін Starlink-ті Украинада қолдануға тыйым салғысы келді. Алайда, америкалық қоғамның қысымы бұл қадамды тоқтатты. [caption id="attachment_239955" align="aligncenter" width="1800"]
Масктың іс-әрекетіне қарамастан, SpaceX украин әскерилері мен жалпы халқы үшін байланыстың маңызды құралы болып отыр. Қазіргі уақытта компания украиналық қолданушыларға бұрын қойған бұғаттау мен шектеулерін алып тастады.CNN телеарнасының хабарлауынша, украиналық әскери бөлімшелер де, Украина азаматтары да соғыс жағдайында Starlink жүйесін қолдануды жалғастыруда. Әзірше, SpaceX компаниясының президенті Гвин Шотвелл айтқан жаңа шектеулер қашан іске қосылатыны да белгісіз.