Танымал кәсіпкер, бизнес-тренер Ахметбек Нұрсила Түркиядағы жер сілкінісі туралы өз ойын білдірді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
"Жер сілкінісі тектоникалық құбылыс па, жоқ Алланың жіберген қаһары ма? Алланың қаһары болса, мынадай жас бөбектердің не кінәсі бар еді? Бұл сәби аман қалыпты, ал қаншасы үйіндінің астында, қаншасы қаза болып кетті, қаншасы мүгедек болып қалды? Алла сондай қатігез бе?" делінген кәсіпкердің жазбасында.