Әлем бойынша халықтың 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін

Әлем бойынша халықтың 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін

Гарвард университетінің эпидемиологы Марк Липсич бір жылдан соң әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты, – деп жазады ScienceMag-қа сілтеме жасаған Tengrinews.kz. «Болашақта осы вирусты жұқтырғандарда ешқандай белгі болмауы мүмкін. Аурудың ешқандай белгілері байқалмай, адам өзін бірден нашар сезінеді», – дейді эпидемиолог. Оның айтуынша, соңғы кезде  коронавирус өте тез таралып жатыр. «Мысалы, СOVID-19 вирусы АҚШ-та бүкіл елде тарауы үшін 100-200 адам осы вирусты жұқтырса болғаны. Алдағы жылы әлем халқының 40 пайызынан 70 пайызына дейін вирус жұқтыруына жол беріп отырмыз, яғни 5,3 миллиард адамға дейін осы вирусты жұқтыруы мүмкін», – дейді Марк Липсич. Айта кетейік, Қытай 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Уханьдағы коронавирус туралы хабарлады.