Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің мәйіті Қазақстанға қашан жеткізілетіні белгілі болды

Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің мәйіті Қазақстанға қашан жеткізілетіні белгілі болды

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқан Әділ мен Мирболаттың мүрдесі 11 ақпанда елге жеткізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«Түркиядағы жер сілкінісі кезінде мерт болған Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің мүрдесі 11 ақпанда елімізге жеткізіледі», –  деді Айбек Смадияров БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында.