Қытайда коронавирусты емдейтін мамандандырылған аурухана жұмысын бастады
Қытайда коронавирусты емдейтін мамандандырылған аурухана жұмысын бастады
© сурет интернеттен алынды
Коронавирус індетінің ошағы Ухань қаласында алғашқы мамандандырылған аурухана жұмысын бастады, - деп хабарлады Associated Press. Ол 10 күннің ішінде салынып бітті. Хошэньшань ауруханасы мың орынға есептелген. Оның құрылысы 23 қаңтарда кешке басталып, жедел қарқынмен жүргізілді. Ал Уханьда орналасқан екінші мамандарылған аурухана 6 ақпанда пайдалануға беріледі.