96 мектепте жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Адал ұрпақ» клубтары жұмыс істейді
96 мектепте жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Адал ұрпақ» клубтары жұмыс істейді
«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Владимир Савкиннің жетекшілігімен ұйымның кезектен тыс отырысы өтті. Мұнда мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда жемқорлықтың алдын алу шаралары, оларда балаларды тамақтандыру және педагог қауымын аттестациялау мәселесі көтерілді. Елордадағы 100 мемлекеттік балабақшаға 32 мыңнан аса бала, 354 жекеменшік бақшаға 31 мыңнан аса бала барады. Бұл салаға Indigo цифрлық қызмет көрсету порталы мен Mindal электрондық қосымша білім беру жүйесінің енгізілуі жемқорлықтың туындамауына мүмкіндік береді. «Астана қаласының білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары Серік Әділбаевтың айтуынша, бүгінде жекеменшік ұйымдардың 99%-ы бюджеттен субсидияланады. Сонымен қатар 96 мектепте жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Адал ұрпақ», ал колледждерде «Саналы ұрпақ» клубтары жұмыс істейді.