"Үй қираған уақытта сонда болған": зілзала аумағында болған тағы бір қазақстандық әйел табылмай жатыр
"Үй қираған уақытта сонда болған": зілзала аумағында болған тағы бір қазақстандық әйел табылмай жатыр
© AP Photo / Mustafa Karali
573
оқылды
Түркиядағы зілзаладан кейін тағы бір Қазақстан азаматы хабар-ошарсыз кетті. Қазір қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
«Қазақстанның тағы бір азаматы әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кетті деп есептеледі. Ол 6 ақпаннан бері байланысқа шықпады. Тұратын жері – Кахраманмараш қаласы. Әпкесі министрліктің жедел желісіне хабарласқаннан кейін оны іздестіру жұмыстарын бастадық. Қазір Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қызметкері осы қалаға барып, түрік құтқарушыларымен бірлесіп, іздестіруде. Көршілерінің айтуынша, үй қираған уақытта қазақстандық әйел сонда болған», – деді ресми өкіл.
СІМ ресми өкілінің айтуынша, Түркиядағы көптеген қазақстандық тұрғын үйлердің қирауына байланысты құжаттарын жоғалтқан. Консулдар оларға қажет құжаттарды сол жерде рәсімдеп берген.