«Үйінді астындағы адамдардың алтынын алып кеткен». Түркияда жер сілкінісінен кейін тонау көбейді

«Үйінді астындағы адамдардың алтынын алып кеткен». Түркияда жер сілкінісінен кейін тонау көбейді

Түркия парламентінің депутаты Үміт Оздаг жер сілкінісінен кейін тонау көбейгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды "Известия IZ". 
Оның айтуынша, көбі – сириялық мигранттар. "Известия" телеарнасы мәліметінше, адамдар үйінді астындағы адамдардың алтын бұйымдарын алып кетіп жатыр. Бос дүкендер мен үйлерден тонаушылар азық-түлік, техника мен жиһазды алып кеткен. Көптеген адам бұған мәжбүрлі түрде барған, өйткені барлығына бірдей гуманитарлық көмек жетпеген.