Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жіберді, – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
"Жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына мемлекеттік материалдық резервтен 50 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жіберілді", – делінген хабарламада.Гуманитарлық жүктердің құрамына консервілер, жылы киімдер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары кірді.