БҚО-да қыстаудан ер адамның оқ тиген денесі табылды
БҚО-да қыстаудан ер адамның оқ тиген денесі табылды
Фото: Newsroom.kz
460
оқылды
Батыс Қазақстан облысында қыстауда тұратын ер адамды атып кетті. Күдікті қолға түсті. «Мой город» порталының хабарлауынша, ер адамның денесі 9 ақпанда таңғы сағат 7:00-де Бөкей ордасы ауданындағы Бозой қыстауынан табылған.
«1989 жылы туған ер адам сол жақ білегі мен арқасынан оқ тиген, жарақаттан қайтыс болды», – делінген хабарламада.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті – 1981 жылы туған азаматтың ұсталғанын хабарлады. Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.