Мароккодағы турнирде қазақстандық 7 боксшы қыз финалға шықты
Мароккодағы турнирде қазақстандық 7 боксшы қыз финалға шықты
© inform.kz
1,794
оқылды
Марокко елінде өтіп жатқан «Golden Belt Series Marrakesh» халықаралық турнирінде еліміздің әйелдер құрамасынан 7 боксшы финалға шықты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті. Халықаралық турнирге еліміздің атынан белгілі былғары қолғап шеберлері барған еді. Олардың қатарында Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова, Аида Әбікева, Валентина Хальзова, Ләззат Күнгейбаева бар. Қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары төмендегіше: 48 келі. Алуа Балқыбекова – Лью Чен-Линг (Қытай Тайпэйі) 50 келі. Назым Қызайбай – Екатерина Пальцева (Ресей) 54 келі. Жайна Шекербекова – Алеан Савчук (Италия) 57 келі. Карина Ибрагимова – Людмила Воронцова (Ресей) 63 келі. Аида Әбікеева – Наталья Сычугова (Ресей) 75 келі. Валентина Хальзова – Вивиане Пирейра (Бразилия) 81 келіден жоғары. Ләззат Күнгейбаева – Хадижа Марди (Mарокко). Халықаралық турнирде Надежда Рябец, Мәдина Нұршаева және Фариза Шолтай қола жүлдегер атанды. Финалдық кездесулер бүгін, 10 ақпанда елорда уақытымен 22:00-де басталады.