Серік Теміржанов өзбек боксшысын жеңіп финалға шықты
Серік Теміржанов өзбек боксшысын жеңіп финалға шықты
424
оқылды
Мажарстанда өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде қазақстандық Серік Теміржанов финалға шықты. Халықаралық турнирде Серік Теміржанов (57 келі) жартылай финалда өзбекстандық Самандар Холмурадовпен қолғап түйістірген еді. Жекпе-жек барысында Серіктің басымдығы байқалып тұрды. Шаршы алаң төрінде қазақстандық боксшы ширақ қимылдады. Нәтижесінде төрешілер шешімімен жеңіс Серік Теміржановқа берілді. Ол финалға жолдама алды.