Әли «Манчестер Сити», «Чел­си» және «Бавария» клуб­­та­ры­нан шақырту алды
Әли «Манчестер Сити», «Чел­си» және «Бавария» клуб­­та­ры­нан шақырту алды
200
оқылды
Тағдырға мойымай, төзім­ді­лік пен табандылық­тың ар­қа­сында алға қойған мақ­са­­тына жетіп, әлемдегі мүм­кін­дігі шектеулі жандардың біз ой­лағандай емес екенін ісі­мен дәлелдеп жүрген Әли Тұр­ғанбековті бүгінгі күннің ба­ты­ры десек қателеспейміз. Ерік-жігері мен қайтпас-қай­сар мінезін көріп көпшілігі оны «қазақстандық Ник Вуй­чич» деп атап кеткен. Ал атақ­ты мотиватор Вуйчичті Әли өзі­­нің кумирі санайды. Мұны да­рынды баланың әңгіме­сі­нен байқадық. 12 жастағы балақайдың талабы таудай. Бұған дейін көптеген фут­бол жұлдызымен кездескен Әли Тұрғанбеков әр кездесуінен ұмы­тылмас ерекше әсер алғанын айтты.
– Мен бірінші Нұр-Сұлтан­ға халықаралық шараға қонақ ре­тінде келген кумирім австра­лия­лық мотиватор Ник Вуйчичпен таныстым. Ал футболшылардан алғаш рет Диего Марадонаны көрдім. Ол кезде атақты футболшы Дубайдағы «Фуджейра» футбол командасын жаттықтырып жүрді. Марадонамен футбол ойнадым, ал әкем онымен спорт тақырыбында сөйлесті. Одан соң франциялық ПСЖ командасының жатты­ғу база­сында болдым. Футболшы­лар­­мен бірге жаттығу жасап, есте­лікке фотоға түстім. Ал мен үшін ең ерекше есте қалған кез – УЕФА суперкубогын табыстаған сәт. Әлі күнге дейін алаңға шыққаным есім­нен кетпейді. Кубокты тап­сы­рып болған соң барлық футбол­шы­лармен амандастым. Олар ма­ған сәттілік тілеп, басымнан си­пады. Ол сезімді сөзбен айтып жет­кізу мүмкін емес, – дейді ол.
   width=Әли сондай-ақ әлемнің ең үздік футболшысы Лионель Мессимен, 2014 жылғы «Алтын доп» иегері украиналық Андрей Шев­ченкомен, ағылшындық «Ман­­честер Сити» командасының ойын­­­шысы Александр Зинчен­ко­­мен, испандық футболшы, «Әл-Садд» футбол клубының жат­­т­ықтырушысы Хавимен, «Ли­верпуль» ойыншысы Мұхам­мед Салахпен және т.б. бір­қатар таны­мал футболшылармен бірге доп тепті.    width= Таяуда мадридтік «Реал» фут­бол клубының ойыншысы, 2018 жылғы «Алтын доп» сыйлығының ие­гері Лука Модричпен жүздес­ті. Оның тағы бір ерекше кезде­су­ле­рінің бірі UFC чемпионы Ха­биб Нурмагомедовпен өтті. Әли Тұрғанбеков ресейлік спо­рт­шы Хабибпен бетпе-бет жо­лы­ғып, өзінің арманына қол жет­кізді. UFC сарбазына «Пари Сен-Жермен» ойыншыларының қол­таңбасы бар допты тарту етіп, танымал спортшымен фотоға түсті. Шара барысында екеуі фут­бол ойнады. Танымал блогер Саваның ұйымдастырған аталған кездесуін еліміздегі бірқатар басы­лыммен қатар әлемдік БАҚ өкіл­дері де жарыса жазды.    width= Хабибпен таныстық Әлиге бес мәрте «Алтын доптың» иегері Криштиану Роналдумен кездесуге жол ашты. Тіпті, Әлимен кездесу туралы «Ювентус» командасы мен Португалия құрамасының ша­буылшысы өзінің Instagram парақшасында жазды. Әли «Ювен­­тус» командасының ойын­шы­­сымен бірге доп тепкеннен кейін, естелікке отандық «Қазақ­стан» шоколадын тарту етті. Ал португалдық футболшы кішкен­тай жанкүйеріне қолтаңбасы бар доп сыйлады.  

«Манчестер Сити», «Чел­си» және «Бавария» клуб­­та­ры­нан шақырту алып отыр­мыз. «Ақ­сүйектермен» кездесуді фут­болшы Маркос Алонсо ұйым­дас­­тыратын болды. Мюнхенге барар жолымызды көтеретін де­меу­ші іздестірудеміз.

  Өмірге деген құштарлығымен әлем­ді тамсандырған Әлидің ерлі­гін Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев та жоғары бағалайтынын жет­кізді. Мемлекет басшысы өз ке­зегінде «Әли, сенің мақ­сат­­қа жету жолындағы күш-жіге­рің әлем­дегі талай адамды алға же­те­лейді. Барлық арманда­рың орындалсын» деген тіле­гін біл­дір­ген болатын. Мәде­ниет және спорт министрі Ақтоты Райым­құлова да Әли Тұрған­беков­тің өмірге деген құлшысына тәнті екенін ерекше атап өтті. Айта кетейік, оның ата-анасы Азамат Тұрғанбеков пен Ақмарал Әміреева білікті мамандармен кеңесіп, баласының болашағы үшін 2015 жылы Талдықорғаннан Нұр-Сұлтан қаласына көшіп кел­ген. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұрорда» мектебінің басшылығы да Әли мен оның бауыры Әмірге қол­дау танытып, аталған білім ор­да­­сында тегін оқытуға келісім берген.
– Елордаға келгелі алға қойған мақсаттарыма ақырындап қол жеткізудемін. Талдықорғанда жо­ғары деңгейдегі сапалы алаңдар жет­кіліксіз болатын. Үйлер, дү­кендер мен мектептердің көбін­де арбалы адамға қолайлы пандус жоқ, жаяуға арналған жолдың өзі ар­бамен жүруге ыңғайсыз еді. Сол себепті біз осыдан 5 жыл бұ­рын елордаға көшіп кел­дік. Бұл өте дұрыс шешім бол­ды. Ме­ні көпшілік белгілі фут­бол­шы­лар­мен кездесуім арқылы біледі. Расын­да да, спорттың мен үшін орны бөлек. Қолым бос кезде футбол ойнаймын және жүзуге барамын. Футболмен – әуесқой, ал жүзу спортымен кәсіби түрде айналысып жүрмін. Болашақтағы басты арманым – жүзу спортынан әлем чемпионы Майкл Фелпс секілді спортшы болу, – деп жал­ға­ды ол әңгімесін.
Біз кездесу барысында Әлидің әкесі Азамат Тұрғанбековті де әң­гімеге тарттық. Ол ұлының бола­шағынан көп үміт күтетінін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісуді де жөн санады. – Әли қазір жүзуге барып жүр. Оның үлкен армандарының бірі –  паралимпиаданы жеңу. Сол үшін жаттығудан қалмай, өз-өзін шыңдау үстінде. Оған дейін әлі біраз уақыт бар. Яғни, ендігі паралимпиада 2028 жылы өтеді. Ол кезде Әли де 20 жаста болады екен. Жүзуге барып жүргеніне 2 жылға жуық уақыт болды. Барыс аренаға келіп, жаттығу жасап жүр­генімізге жарты жыл болды. Мұн­дағы жаттықтырушыларға риза­мыз. Дәулет Балташ пен Эль­мира Ибрайым секілді қос бап­керінен баламның әлі де үй­ренері көп. 23 сәуірде жүзуден Қа­зақстан біріншілігі бас­та­лады. Соған қатысамыз деп ниет­теніп отырмыз. Алдағы жос­­­­парларымызға келер бол­сақ, жуырда «Манчестер Сити», «Чел­си» және «Бавария» клуб­­та­ры­нан шақырту алып отыр­мыз. «Ақ­сүйектермен» кездесуді фут­болшы Маркос Алонсо ұйым­дас­­тыратын болды. Мюнхенге барар жолымызды көтеретін де­меу­ші іздестірудеміз. Ал «Ман­чес­­тер Сити» сапары әзірге бел­гісіз болып тұр. Өйткені олар­ға таяу­да дисквалификация жа­сал­ды. Сондықтан кездесу уақы­ты нақтыланған жоқ. Майкл Фелпс­тан да шақырту алғанбыз. Бірақ ол жаққа барып-келу де оңай емес. Жол алыс. Бразилиялық фут­­болшы Рональдиньо да кез кел­­ген уақытта Әлимен кездесуге дайын екенін айтты, – дейді Аза­мат Тұрғанбеков.    width= Кездесуден соң Әлимен есте­лікке фотоға түсіп, жігерлі ба­ланың талабына тәнті болып, мақ­сатты жүзеге асыру жолын­да­ғы ұмтылысы мен құтты қадамына сәттілік тіледік.    width=Абылайхан ЖҰМАШ