Жазылар естеліктер мен туралы...
Жазылар естеліктер мен туралы...
853
оқылды
Мұзбалақ ақынның өлеңдерін білмейтін жан, тебіренбейтін тұлға жоқ шығар. Өйт­кені оның жүректен шыққан жыр жол­да­рын­да өмірдің ағы мен қарасы, ке­дірі мен бұ­дыры, қуанышы мен қайғысы қатар өрілген. Оның сыр­ға толы күнделігі де өз-өзін таппай аласұрған ақын­ның айтары әлі де көп екенін ұқтыра түскендей. Иә, өзі айт­қандай, Мұқағали Мақатаев өлгенімен, ол жазған өлең жолдары өміршең. Өкініштісі, лирик ақын өз за­манында лайықты бағасын ала алмады. Жақын мен жат та ақын жүрегінің түпкіріне тым кеш үңілгендей... Ақиық ақынның туған күніне орай Астанадағы Әзірбайжан Мәм­бетов атындағы мемлекеттік драма жә­не комедия театрының әртістері ерек­ше күнді сырлы әуенге, сазға толы әсерлі кешке бөлеу үшін ре­жис­сер Әли Бидахметтің «Күнделік» ли­рикалық кешін өткізді. Талантты қыз-жігіттер көрермендерге ақын­ның күнделігіндегі терең сырды түр­лендіріп беруге тырысты. Ерек­ше форматта өткен кеш әдеттегі сах­наландырылған қойылымдарға қарағанда жұртшылықтың жүрегін шы­мырлатып, сай-сүйегін босат­қан­дай болды. сахна Театр ұжымы Мұқағалидың пье­сасы негізінде жасалған «Қош, ма­хаб­бат» спектаклін қою керек бол­ған екен. Алайда спектакльде ой­най­тын әртіс сырқаттанып қалған­дық­­тан, ақынның туған күнін атау­­сыз қалдырмау үшін театр әр­тіс­­тері қысқа уақыт ішінде осын­дай лирикалық кеш ұйым­дас­тыруды қолға ал­ған. «Ақыл­да­са келе ер­кін әрі ашық фор­мат­ты таңдап, ха­лық­пен ті­келей сөйлесіп, бай­­ланыс орната ала­тын спектакль ой­лап тап­тық. Әр­кім өз ойын ортаға са­лып, жинақтадық. Ары қарай сол бойын­ша ортақ жүйе­сін әкеліп ортаға тас­тадым. Барлығы қол­дап, жұп-жұмыр дү­ние шыққан секілді. Өйт­кені бүгінгі жұртшылықтың ықы­ласы ерекше болды. Қойы­лым кезінде архивтерді ақ­тардық. Өзінің күнделігі ғана емес, ақынмен тығыз қарым-қа­ты­наста болған сол кездегі мықты тұл­­­­ғалардың, оның ішінде жары Лашын, Фариза, Нұрғиса Тілендиев пен Шәмші Қалдаяқов, Ұлықбек Есдәулет ағамыздың естеліктерін алдық. Күнделіктен келтірілген үзінділер Мұқағалидың таза өзінің қа­ламынан туған естелік жазбалар­дан берілді», – дейді театр әртісі, режиссер Әли Бидахмет. лирикалық кеш Ақынның жары болу оңай емес. Жары Лашын да жаны мен тәні қатар ауырып, қаламды ғана серік еткен ақыннан бетер қиналды. Бұл туралы ақынның әйелін сомдаған театр әртісі Ажар Шәкіжанова ай­тып берді. 24 жылдан бері түрлі рөл­ді сомдап жүргенімен, Лашын­ның бүгінгі рөлін сомдау әртістің өзі­не де салмақты міндет жүктеген кө­рінеді. Оның айтуынша, көптің ықыласына, махабаттына бөленген адам­ның жары болу, оның образын алу өте қиын. «Ол туралы көп оқып, ұзақ іздену керек екен. Өміріне барын­ша жақындасуға тырыстым. Кө­рерменді алдауға болмайды. Өйт­кені қазіргі оқырмандардың көзі ашық, көкірегі ояу. Сондықтан ба­рын­ша шынайы жеткізуге тыры­с­тық. Көбі күнделіктен алынған мо­нологтар. Барлығы өмірде болған оқиғалар, ойдан ештеңе алынған жоқ. Барлығын айтуға уақыт шек­теулі. Маңызды жерлерін ғана алу­ға тырыстық. Мұқағалидың өмірі дра­маға толы. Қуанышынан гө­рі қай­ғысы көп болған. Жас кез­ден бастап көп қиыншылық көрген. Ақын мен жарының естеліктерінен бай­қа­ғаным, Лашын ақыннан бетер жаны ауырған секілді. Бірге уайым­дап, бірге қан жұтқан тәрізді. Әрбір өлеңі жазыл­ған сайын өзінің тұла бойы­нан өткізіп, жарық көр­генге дейін жаны жай таппаған. Себебі сол кезде Жазу­шылар одағы ақын­ның өлең­деріне кейде теріс білдіріп, жан-жақтан ши жүгірткен кездерде Ла­шын да Мұқағалидан артық бол­маса, кем қиналмаған. Жарынан жас­тай айырылған әйелдің де жүрек түкпірінде айтылмай қалған сыры көп екенін ұғасың. Өзі де бір естелігінде «көңіл күйі жақсы болса, ер­кін сөйлесеміз, ал қа­ба­ғы қатулы болса, аяқ­тың ұшымен басып қана қас-қабағына қарай­мыз» дейтіні бар. Соған қа­рағанда Лашынның ор­нын­да басқа адам болғанда ақын­ның тағдыры басқаша өрі­лер ме еді», – дейді Ажар Шә­кі­жанова. Оның бұл сөзіне дәлел, ақын дү­ниеден өткеннен кейінгі барлық жи­нағы әйелінің жинап-теруімен, құрас­тыруымен жарыққа шыққан. Жаман жар болса, артында қалған мұрасына осыншама жана­шыр бо­лар ма еді... Мұқағали өлеңдері Міне, осындай ақынның рөлін сом­дау театр әртісі Ілияс Мұрат­бек­ке оңайға соқпапты. «Театрда істеп жат­қаныма бір жыл болды. Бұл осы театр қабырғасындағы алғашқы үлкен рөлім. Шынымды айтсам, осын­­дай кісінің рөлін сомдағаныма мақтанамын. Ол кісі туралы халық білмейтін ақпарат өте көп. Есте­лік­тері мен күнделіктерін қатар оқып көз жеткізгенім, Мұқағали мен Фа­ри­заның арасындағы сыйластық аға мен қарындастың махабаттынан аспаған. Бір-біріне арнаған өлеңдері аға­сына, қарындасына, қыз болса да сыр ақтаруға тұрарлық, жанын түсінерлік болған соң ақынжан­ды­лығы үшін ақтарылған тәрізді. Шын мәнінде, жары Лашын жеңгемізбен шын сүйіп қосылғаны, бір-біріне де­ген құрметінің ерекше екенін аң­ғар­ғандай болдық. Ішім ашитыны, қа­зақ тілі мен әдебиетін оқытатын мұғалімдер екеуінің арасындағы махаббатты басқаша айтатыны. Соларға көрсеткіміз келеді», – де­ген Ілияс Мұратбек те ақынға бала кез­ден еліктеп, өлеңін жаттап өскен екен. «Өзім де өлең жазатын болған соң ақын өміріне үңілу аса қиындық туғызған жоқ, бірақ ақын жанын то­лық түсіну мүмкін екеніне көз жет­кіздім», – дейді ол. Қойылым аяқталғаннан кейін де ақын өлеңінен арқаланған қалың кө­рермен туған күн иесінің қала­мы­нан шыққан жыр жолдарын жатқа оқып, лирикалық кештің көрігін қыз­дыра түсті. Әдемі кештің соңы «Ашық микрофон» форматында жал­ғасты. Мектеп оқушыларынан бас­тап ақынның жолын жалғас­тыр­ған жас ақындарға ұйымдастырушы­лар тарапынан арнайы сыйлықтар табыс етілді.