Көліктің ұзақ уақыт қызмет етуі мен сенімді болуы барлық тұтынушы үшін маңызды саналады. Жиі жөндеуді қажет ететін көліктер жүйке мен әмиянды жұқартады. Отбасының демалысы мен күнделікті шаруасына қолданатын көліктер туралы SlashGear сайтына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.
[caption id="attachment_240179" align="aligncenter" width="1800"]
Маркетингтік зерттеулермен айналысатын америкалық JD Power нарықтағы ең жақсы және ең нашар көліктердің 2023 жылғы тізімін шығарды. JD Power технологиялық қиындықтарға қарамастан, көліктердің сенімділігі артып келеді деп санайды.Зерттеу нәтижесі бойынша, Lexus барлық брендтер арасында 1-орынды иемденсе, Kia үшінші жыл қатарынан орташа нарықтағы брендтер арасында үздік деп танылған. [caption id="attachment_240180" align="aligncenter" width="1800"]
Сатып алуға болатын ең сенімді брендтерге арналған сауалнамада Lexus, Genesis және Kia көш бастады.Жеңімпаз атанған Lexus таңғалдырмайды, өйткені ол өзінің аты аңызға айналған сенімділігімен әйгілі болған Toyota брендінің премиум санатындағы өнімі. Ал Toyota жетінші орынды иеленді. General Motors-тың әрбір бренді (Chevy, Cadillac, GMC және Buick) орташадан жоғары деп бағаланды.
Арнайы үлгілерге келетін болсақ, JD Power жақында өндірісі тоқтатылатын Toyota C-HR және Lexus RX-ті бүгінде сатып алуға болатын ең сенімді модельдер ретінде атады.Шолуда Tesla көліктері толық қатыспаған, өйткені компания қолданушы деректерін жарияламайды. Land Rover, Lincoln және Audi, өкінішке қарай ең нашар балл жинаған бренд деп аталды.