Қос азаматтығы бар 54 адам Қазақстан аумағына кірмек болған
Қос азаматтығы бар 54 адам Қазақстан аумағына кірмек болған
Өткен қаңтар айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өткізу пункттерінде  екі азаматтығы бар адамдардың шекарадан өтуінің 54 фактісін анықтады.
ҚР ҰҚК мәліметінше, мұндай заңбұзушылыққа негізгінен Ресей, Түрік және Қытай елдерінің азаматтары барған.
«Ұсталған адамдар одан әрі тексеру жүргізу үшін полиция органдарына берілді. Шекара қызметі халықаралық байланыс арналарында екі азаматтығы бар адамдарды анықтау бойынша күшейтілген жұмысты жалғастырады», — делінген ведомство хабарламасында.