Түркиядағы зілзала: екі жасар қыз 122 сағат үйінді астында жатқан

Түркиядағы зілзала: екі жасар қыз 122 сағат үйінді астында жатқан

Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясының Антакья қаласында ғимарат құлағаннан кейін 122 сағаттан соң құтқарушылар үйінді астынан екі жасар қызды алып шықты, — деп хабарлайды Aнадолу ақпарат агенттігі. Іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан жандармерия қызметкерлері Гюнеш көшесіндегі үйлердің бірінің қирандысы астында қалған баланың дауысын естиді. Қыз бала алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жеткізілді. Түркияның Кахраманмараш қаласында болған жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 20 мыңнан асты, 80 мыңнан астам адам зардап шекті.