Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: inbusiness.kz
300
оқылды
Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман болады. Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман түседі. Облыстың батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.