Астанада ер адам тұрақта тұрған көліктердің дөңгелегін шешіп әкеткен
Астанада ер адам тұрақта тұрған көліктердің дөңгелегін шешіп әкеткен
308
оқылды
 Астанада ер адам тұрақта тұрған 10 көліктің дөңгелегін шешіп әкетті. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам тұрғын үй аулаларындағы тұрақты ұзақ уақыт бойы тұрып қалған көліктерді алдын ала байқап кетіп, қылмысын түнде жасап отырған. Мысалы, Mersedes Benz автокөлігінен титан дискісі бар шиналарды ұрлап кетіп, иесіне 150 мың теңгеге шығын келтірген. BMW көлігінен де дөңгелектерін шешіп әкеткен. Ұрланған заттарды металл қабылдау пунктіне және шина монтаждау орнына тапсырып отырған. «Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде елорданың 30 жастағы тұрғыны анықталды. Қазір ер адам 10-нан астам көлікке ұрлыққа түсті деп күдіктелуде. Өз кінәсін мойындады, заттай айғақтар тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (“Ұрлық”) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — делінген полиция хабарламасында.