Елордада бір күнде 181 жол апаты тіркелді
Елордада бір күнде 181 жол апаты тіркелді
Фото: azattyq-ruhy.kz
Астана қаласының Полиция департаменті күн райына байланысты жолдағы қозғалыс қауіпсіздігіне сақ болуды ескертеді,—  деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі. Тек кейінгі бір тәулікте шамамен 181 материалдық шығын келтірілген жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жолды кесіп өтуде ережені сақтамаған 11 жаяу жүргіншіні көлік қағып, олар жарақаттанды. Жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларынан 3 адам қаза тауып, 39 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Елордалық полицейлер 16 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесті, 213 мас жүргізуші ұсталды, 1 600-ден астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Мемлекеттік нөмірлері жалған 13 жүргізуші және мемлекеттік нөмірлері жоқ көлікті басқарғаны үшін 86 жүргізуші ұсталды.