Алматы облысында 4 жігіт әйелді өлтірмек болды
Алматы облысында 4 жігіт әйелді өлтірмек болды
3,153
оқылды
Алматы облысында кісі өлтіруге қатысы бар төрт күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz Telegram каналы. 9 ақпан таңертең Шонжы ауылының аудандық ауруханасына 50 жастағы А. есімді азаматша бас жарақатымен жеткізілді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 8-тармағы «Кісі өлтіруге оқталу» бойынша Ұйғыр аудандық ПБ-да тіркелді.Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары мен Алматы қаласында тұратын 1999, 2001 және 2000 жылғы төрт күдікті ұсталды. Тергеу барысында 9 ақпан сағат 04:00 шамасында белгісіз адамдар пластикалық терезе арқылы үйге кіріп, А. есімді азаматшаның бас аймағына дене жарақатын салғаны анықталды. Күдіктілер УҰИ-на қамалды. Қажетті тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.