Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандардың саны 28 мыңнан асты

Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандардың саны 28 мыңнан асты

Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандардың саны 28 мыңнан асты. Тағы 80 мыңнан аса тұрғын жарақат алған. 1 миллиондай адам уақытша орталықтарға орналастырылған.

«БҰҰ қос мемлекетте табиғат апатынан көз жұмғандар қарасы артып, 40 мыңға жетуі мүмкін деп отыр. Себебі үйінділер әлі толық ашылып біткен жоқ», — дейді ұйым басшысының орынбасары Мартин Гриффитс. "Түркияда зілзала салдарымен күреске 100-ден аса ел өздерінің құтқарушыларын жіберді. Іздестіру шаралары күні-түні жүріп жатыр. Енді бізге табиғат апатынан зардап шеккендерге жан-жақты көмектесуге күш салуымыз қажет. Бұл мәселені назардан тыс қалдырмауымыз керек", — деген БҰҰ бас хатшысының орынбасары Мартин Гриффитс.