Грузияда 14 минутта екі жер сілкінісі тіркелді. Илья университеті жанындағы сейсмикалық мониторинг орталығының сайтындағы мәліметтерге сәйкес, алғашқы жерасты дүмпулері, Астана уақыты бойынша сағат 14.07-де білініп, магнитудасы 4,6-ны құрады. Жер сілкінісінің ошағы Озургети қаласының оңтүстік-шығысындағы Гоми ауылында орналасқан. 3,6 балдық жер сілкінісі қайтадан сағат 14.21-де тіркелді. Оның ошағы да тағы Гоми ауылы маңынан анықталды. Жер сілкінісі Батуми мен Кобулетиде де сезілді. Қирандылар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. 6 ақпанда Түркия мен Сирияда қатты жер сілкінісі болды.