Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
401
оқылды
Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Түнде Маңғыстау облысының батысында, күндіз оңтүстігі мен орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Ақтауда көктайғақ болады деп болжанады. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде боран болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.  Оралда жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді.