Алдағы 3 күнде бірнеше өңірде өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

Алдағы 3 күнде бірнеше өңірде өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

Қазгидромет алдағы күндері 3 өңірде өзен суының көтерілетіні туралы хабарлады.

«13-15 ақпан аралығында Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжанады. Сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағындының қалыптасуы салдарынан өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы ескертіледі» делінген хабарламада.