«Халқыма ризамын!» – Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова кәсіби спорттан кетті
«Халқыма ризамын!» – Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова кәсіби спорттан кетті
Фото: qazathletics.kz
436
оқылды
Олимпиада чемпионы, жеңіл атлет Ольга Рыпакова спорттағы карьерасын ресми түрде аяқтады. Бұл туралы Aikyn.kz Қазақстан жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап хабарлайды. Спортшы Астанада жеңіл атлетикадан өткен Х Азия чемпионатында елге алғыс айтты.    width=
«Халқыма ризамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап менің ең жас жанкүйерлеріме маған сенгені үшін алғыс айтамын. Тұлға, кәсіби спортшы ретінде танымал еткен тағдырыма, Құдайға ризамын», – деді Ольга Рыпакова.
Премьер-министр алғысхат жолдап, Спорт және мәдениет министрі жеңіл атлет Ольга Рыпакованың еңбегін бағалап, сый-құрмет көрсетті.    width= Салтанатты іс-шара соңында Ольга Рыпакова жанкүйерлер алдында құрмет шеңберін жүгіріп өтіп, жанкүйерлерге алғыс айтты.