Олимпиада чемпионы, жеңіл атлет Ольга Рыпакова спорттағы карьерасын ресми түрде аяқтады. Бұл туралы Aikyn.kz Қазақстан жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
Спортшы Астанада жеңіл атлетикадан өткен Х Азия чемпионатында елге алғыс айтты.
«Халқыма ризамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап менің ең жас жанкүйерлеріме маған сенгені үшін алғыс айтамын. Тұлға, кәсіби спортшы ретінде танымал еткен тағдырыма, Құдайға ризамын», – деді Ольга Рыпакова.Премьер-министр алғысхат жолдап, Спорт және мәдениет министрі жеңіл атлет Ольга Рыпакованың еңбегін бағалап, сый-құрмет көрсетті.