Түркияның Адыяман қаласында да жойқын жер сілкінісі болды. Зілзаладан кейін бір апта өткеннен кейін аман қалған адамдарды құтқарушылар қирандының астынан алып шығып жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz «Анадолыға» сілтеме жасап хабарлайды.
Адыяманның апат болған Бесни ауданында 166 сағаттан соң 60 жастағы Еренгүл Өндерді құтқарды. Тірі табылған әйелді құтқарушылар дәрігерлерге табыстады.