Кеше slashgear.com сайты Google өзінің флагмандық Pixel-7 смартфонында ғажайып функцияны іске қосқанын жариялады. Батырманы бір-ақ рет басып смартфонға түсірілген суретіңізден керек емес адамның бейнесін қалай алып тастауға болатынын Aikyn.kz технологиялық платформаға шыққан материалға сілтеме жасап түсіндіреді.
[caption id="attachment_240338" align="aligncenter" width="1800"]
«Сиқырлы өшіргіш» суреттегі ыңғайсыз объектілерді жақсартады. Бөтен итті, артта тұрған бейтаныс адамды алып тастайды. Фотода қажетсіз адамдармен қатар көйлектегі жазуларды да өшіруге болады.Google жарнамасында мысық өзінің суретінен иттерді өшіріп жатқаны да көрсетілген. Жаңа функцияның көмегімен бұлыңғыр фотолардың тұнықтығын күшейтуге болады. [caption id="attachment_240339" align="aligncenter" width="1800"]
Google биылғы Super Bowl-да өзінің Pixel 7 жарнамасын көрсетті. 30 секундтық жарнаманы 3 рет көрсетуге компания 21 миллион доллар төлеген. Бұған түсірілім мен оны дайындауға қатысты шығындар кірмейді.Компанияның мақсаты үлкен бәсекеге қабілетті смартфондар нарығында артықшылық беру сияқты. Pixel-7-нің жаңа функцияларын Google ерекше мақтан тұтады. Сондықтан оның жарнамасы Super Bowl 2023 ойынында көрсетілді.