Астанада жүрегі бір күнде 53 рет тоқтаған әйел аман қалды
Астанада жүрегі бір күнде 53 рет тоқтаған әйел аман қалды
1,635
оқылды
Елордада жүрегі бір күнде 53 рет тоқтаған әйел аман қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Науқас 6 қаңтар күні миокард инфарктісі бойынша жедел жәрдем көлігімен өте ауыр жағдайда №2 Көпбейінді ауруханаға шұғыл түрде жеткізілді. Түскен сәттен кейін 10 минут ішінде оған ота (каронарография және стенттеу) жасалды. Қан айналымы үнемі тоқтап тұрды. Дәрігерлер күні-түні науқастың жүрегін қалпын келтірумен айналысты. Жүрек қағысы бір күнде 53 рет тоқтады. Жасанды жүрек пен өкпе қызметін атқаратын ЭКMO (экстракорпоральды мембраналық оттегімен қанықтыру) қосуға тура келді. Дәрігерлер 35 күн бойы пациенттің жанын кетпеді, тұрақты бақылау жүргізілді. Осы уақыт ішінде қан кету болды, содан кейін қабыну реакциясы, сепсис және жүйелік көп мүшелік жеткіліксіздік пайда болды.
«Науқасты о дүниеден бірнеше рет қайтарып алу, оны аяққа тұрғызып қана қоймай, дененің барлық қызметін сақтау мүмкін болды. Мұндай операцияларды тіпті бірнеше рет жасаған тәжірибелі реаниматологтар «медициналық ғажайып» деп атайды», - деп атап өтті кардио бит бөлімінің меңгерушісі Расул Сағнаев.
«Науқас аман қалды, қуанышымызға орай, миына зиян келген жоқ. Ол үшін қабылдау бөлмесі дәрігерлерінің, интервенциялық кардиологтардың, кардиохирургтардың, кардио БИТ кезекші дәрігерлерінің (Руслан Қалиев, Қасқыр Наурыз, Лунара Қадырова, Ришат Айтқали), медбикелер мен санитарлардың үлкен командалық жұмысы жасалды. Біз үшін бұл үлкен жеңіс», - деп атап өтті аға кардио ординаторы Сәбит Айнамқұлов.