Шымкентте болған төбелестің видеосы тарады

Шымкентте болған төбелестің видеосы тарады

Шымкентте түн ішінде төбелескендер бірін-бірі басынан ағашпен ұрған. Әлеуемттік желіде түн ішінде Шымкент көшелерінде бірін-бірі аяусыз ұрған азаматтардың видеосы тарады. Онда екі жігіттің ерегісінің соңы үлкен төбелеске айналған. Тіпті, бірін-бірі басынан ағашпен аяусыз ұрып жатқанын көруге болады. Ал, Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдай бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. «Бейнежазбада көрсетілген жайт Қаратау ауданының полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 293-бабы «бұзақылық» бойынша тіркелді. Сондай-ақ, орын алған оқиға бойынша полицияға ешқандай арыз-шағым түсірілмегенін хабарлаймыз. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.