Денис Никиша үздік атанды
Денис Никиша үздік атанды
307
оқылды
Отандасымыз Денис Ни­ки­ша шорт-тректен әлем ку­бо­гінің қорытындысы бо­йынша үздік атанды. Ол 500 метр қашықтықта жал­пы есепте көш бастады. Бар­лығы 402 ұпай жинаған қазақ­стан­дық шорт-трекші бірінші орынға ие болды. Денис былтыр АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдегер атанды. Содан кейін Алматыдағы екі кезең барысында алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды. Нидерланд елінің Дортехт қаласында өткен әлем кубогінің алтыншы кезеңінде қазақстан­дықтар жүлдеге іліге алмады. Әсіресе, ерлер құрамасы 5 мың ме­трлік эстафетада үздік төрт команда сапында финалға шы­ғып, жүлдеге жақын тұрды. Өкі­нішке қарай, жарыс барысында спортшылардың бірі құлап қалып, қазақстандықтар үздік үштікке іліге алмады. 10-12 наурызда Оңтүстік Кореяда әлем чемпионаты өтеді. Ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрберген Жұмағазиевтің атал­ған сында барымызды саламыз деп отыр. Оның айтуынша, спортшы­лар Астанаға оралып, дайындық­ты бастайды. Жылдың ең басты додасында 500, 1000 және 1500 метр қашықтықта жігіттер мен қыздар сынға түседі. Сондай-ақ 2 мың метр қашықтықта отан­дас­тарымыз микстен жарыс жолына шығады. Оған қоса, ерлер 5 мың, қыздар 3 мың метрлік эстафетада бақ сынайды.

Айбике ЖАНАСЫЛ