Жаңа есімдерді жарқыратқан бәсеке
Жаңа есімдерді жарқыратқан бәсеке
563
оқылды
Елордада Азияның 31 елінен 500-ден астам спортшы бақ сынаған байрақты бә­секе өтті. Жеңіл атлетикадан жабық кешен­дегі Х Азия чемпионатында ел құрамасы екінші орын алды. Қоржынға он екі медаль түсті, тең жартысы – алтын. Біріншілік бары­сын­да жаңа есімдер де жарқырай көрінді. Жабық кешендегі ашық айқас Иә, қатысушылар үшін Азия чемпионатының орны бөлек. 10-12 ақпан аралығында өткен сары құрлық додасының ашылу рәсіміне Азия жеңіл атлетика қауымдастығының Президенті Дахлан әл-Хамад, Премьер-Ми­нистр Әлихан Смайылов, елі­міздің Жеңіл атлетика федера­циясы президенті Даниал Ахме­тов қатысып, сәттілік тіледі. Кешкі сессияның алғашқы финалында Қазақстан қоржы­нына бірінші медаль түсті. Ка­ролин Чепкоеч Кипкируи 3 мың метрге жүгіруде мәреге бірінші келіп, чемпион атанды. Отан­да­сымыздың уақыт көрсеткіші – 9.01.98 секунд. Қытайлық Уга Хэ күміс алса, жапониялық Юма Йамамото үздік үштікті түйін­де­ді. Осы санат бойынша ерлер ара­сында 3000 метр қашық­тық­қа жүгіруден отандасымыз ­Шэд­рак Кимутай Коеч қолаға қол созды. Алтын медаль 7.55.25 нә­ти­же­сімен Мухаммад Алгар­ниге (Ка­тар), күміс жүлде 7.56.41 нә­ти­жесімен Кейта Сатоға (Жапония) бұйырды. Ал көп уақыт өтпей, 60 метрге жүгіруде Ольга Сафронова күміс жүлде жеңіп алды. Ол бұл қа­шықтықты 7.32 секундта жүгіріп өтті. Иран спортшысы Фарзане Фасихи 7.28 секунд нәтижесімен қарсылас шақ келтірмесе, ин­донезиялық Валентин Ванеза 3-орын (7.37 секунд) иеленді. Ер­лер арасында 60 метрге жүгі­руге келсек, 6.59 секунд нәти­жесімен Бангладеш спортшы­сына алтын медаль бұйырды. Екінші орынды 6.65 секунд нә­тижесімен Шак Кам Чинг (Гон­конг), үшінші орынды 6.66 се­кунд нәтижесімен Риота Сузуки (Жапония) жеңді. 400 метр қашықтыққа ма­манданған отандастарымыз бі­ліктілік анықтау жарыстарында мәре сызығын бірінші болып кесті. Нәтижесінде, Михаил Лит­вин 46.97 нәтижесімен, Вя­чеслав Земс 47.32 нәтижесімен чемпионаттың финалына жол­дама алды. Ақтық сында Михаил Литвин 46.39 секунд нәтижесі­мен мәре сызығын екінші бо­лып кесті. Ол Катар спортшысы Амар Исмаил Ибраһимге (46.25 се­кунд) бірнеше миллисекунд­қа есе жіберді. Үздік үштікті қы­тайлық Фан Тианруи (47.30 се­кунд) қорытындылады. жеңіл атлетика Әйелдер арасында 400 метрге жүгіруден спортшымыз Элина Михина 54.07 нәтижесімен қар­сыластарынан оқ бойы оза ша­уып, Азия чемпионатының ал­тын медалін иеленді. Екінші орынды вьетнамдық спортшы Ти Уен (54.67 секунд), үшін орын индонезиялық Шри Мая (54.88) иеленді. Ал ерлер арасында 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Давид Ефремов топ жарды. Спортшымыз бұл қашықтықты 7.65 секундта жүгіріп өтті. Тайван елінің үміті Чен Куэй-ру күміс жүлдеге ие болса, жапон Сюхей Исикава қоланы қанағат тұтты. Әйелдер арасындағы сынға кел­сек, дәл осы сайыс бойынша алтын жүлде жапон Масуми Аокиге бұйырды. Үндістандық Джоти Ярраджи күміс медаль алса, Қытай атлеті Джиамин Чен үштік үштікке ілікті. Ерлер арасында ядро итеруде үндістандық Тажендерпал Сайд Тур 19.49 метр нәтижесімен 1-орын, Каранвир Сайд 19.37 метр нәтижесімен 2-орын алды. Қытайлық Чжен Сиаодон 18.85 метр нәтижесімен үздіктер кө­шін қорытындылады. Әйелдер арасындағы бес­сайыс қорытындысы бойынша өзбекстандық Екатерина Воро­нина 862 ұпаймен 1-орын, үндіс­тандық спортшы 2-орын, ал жа­пондық Юки Ямашаки 846 ұпаймен 3-орын иеленді. Ал жарыстың екінші Ақбаян Нұрмамет 1500 метрге жүгіруден қола жүлде жеңді. Оның көрсет­кіші – 4.21.31. 1-орынды вьет­намдық Нгуен Тхи Оан 4.15.55 нәтижесімен, 2-орынды жапон­дық Юме Гото 4.19.29 нәтиже­сімен жеңіп алды. Ерлер арасында үш қарғып секіруден қытайлық Фан Яо Кинг 17.20 метр нәтижесімен топ жар­ды. Үндістандық Правин Чиз­­равел 16.98 нәтижесімен 2-орын, кореялық Ю Гюмин 16.73 метр нәтижесімен 3-орын алды. Әйелдер арасында сырықпен секіруден жапониялық спортшы Маю Насу 4 метр биіктікті ең­серіп, чемпион атанды. Ал үнді­стандық спортшы мүмкіндік санынан ғана есе жіберіп, 4 метр көрсеткішпен екінші орынға тұрақтады. Рози Мина Паулраж (Үндістан) 3.90 нәтижесімен үшінші орын алды. Әйелдер құрамасы эста­фе­тада (4+400 м) жеңіске жетті. Аделина Земс, Александра Залюбовская, Кристина Кон­дра­шева мен Элина Михина мәреге бірінші келді (3:44.21 секунд). Эстафетадан ерлер коман­дасы да Азия чемпионы атанды. Андрей Соколов, Эльнор Му­хитдинов, Вячеслав Земс және Михаил Литвин 3:09.15 нәтижесімен ел қоржынына ке­зекті медаль әкеліп, сонымен қатар ұлттық құрама рекордын жаңартты. Екінші орынды 3:09.26 нәтижесімен Катар ко­манадасы иеленсе, үшінші орын­ды 3:34.45 нәтижесімен Тәжік­стан құрамасы еншіледі. Азия чемпионатында әйелдер арасында биіктікке секіруден барлық жүлделі орындарды Қа­зақстан спортшылары иеленді. 1.89 м үздік биіктікті Надежда Дубовицкая мен Кристина Ов­чинникова еңсерді. Овчинникова тек мүмкіндік сананын ғана есе жіберді. Үшінші орынды 1.84 нә­тижесімен Елизавеета Мат­веева иеленді. Желаяқтарымыз да жоғары нәтижелерге қол жеткізді. жаңа есім Осылайша, жеңіл атлеттердің жетістігі Қазақстанға есеп қо­рытындысы бойынша 2-орын биігінен көрінуге мүмкіндік бер­ді. 1-орында Жапония құрамасы, ал Катар командасы үздік үштікті түйіндеді. Келесі меже – Тегеран Qazaqstan спорт кешенінде өткен Азия чемпионаты жан­күйерлерді бір серпілтіп тастады. Қуантарлығы, ұл-қызын ертіп әкел­ген ата-ана көп. Одан бөлек, отандастарымызды қолдауға келген зейнеткерлер де бар.
«Мен спортшыларымыз бен жанкүйерлерімізді лайықты нәтижемен құттықтаймын. Дәл осындай жарқын жеңістер жас спортшылар үшін керемет мотивация әрі елімізде жеңіл атлетиканың дұрыс бағытта келе жатқанының көрсеткіші деп білемін. Келесі Азия чемпионаты Тегеранда өтеді. Иран бірін­ші­лі­гінде спортшыларымыздың сәтті өнер көрсетуін тілейміз», – деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.
Жоғарыда 69 жеңіл атлет ел намысын қорғаған сында құрама 12 жүлде алғанын жаздық. Ал Федерация президенті Даниал Ахметов спортшылардың тоғыз медаль алатынына сенімді екенін айтқан еді. Спортшылар күткен нәтижені артығымен орындап, кезекті бәсекеге дайындықты бастап кеткен.
«Мансабымдағы алғашқы Азия чемпионатында бақ сына­дым. Эмоциямды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Жарыс жо­ғары деңгейде өтті. Әр елдің үздік спортшылары жиналды. Тәжі­рибелі спортшылармен күш сы­насу мен үшін өте қызық болды. Барлығына қолдауы үшін, маған деген сенімі үшін рахмет! Әрине, мені әрқашан демеп, үмітін үз­бегені үшін жаттықтырушыма алғыс айтқым келеді. Біз жат­ты­ғуды ары қарай жалғастырамыз. Еліміздің көк туы бұдан да биікте желбірегенін қалаймыз», – деді Ақбаян Нұрмамет.

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ